Әуесқойлық, әуескерлік, әуестік, қызыққыштық

lat: Áýesqoılyq, áýeskerlik, áýestik, qyzyqqyshtyq

Әуесқой болушылық. Болат ызаланған сайын оның аңшылық әуесқойлығы да қыза түскен сияқты (А. Нұрманов). Соңғы он жылдың ішінде шошқаны әуескерлік жолымен ату көбейіп кетті (X. Қыдырбаев). Балам, бүркітке әуестігіңе ішім жылиды, маңдайың жарқырай берсін оқып бақ(Ж. Арыстанов). Егер бұған жеткіншектің жаңаға, құпияға қызыққыштығын қоссақ, талай жәйітті аңғарамыз («Білім және еңбек»).